"Біздің пікірімізше біз, талаптануға құқылымыз және Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төрағалық етуге лайықты деп есептейміз. Біздің әріптестеріміз-мемлекет басшылары және біздің серіктестеріміз- Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы мүшелері біздің ұсынысымызға түсіністікпен қарап Қазақстанды қолдайды деген сенімдемін",-деп мәлімдеді президент.
"Өлсек те, тірілсек те ұйымға төраға болуға құнығып отырған жоқпыз",-деді елбасы.
Сонымен қатар, ол Қазақстанның ұйым мүшесі екенін атап өтті. "Мүмкін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының бұрынғы кеңестік кеңістікке деген көзқарасы Қазақстанды итермелеген болар",-деді Н.Назарбаев.
Ол " Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының төрт өлшемі барын экономикалық даму, ланкестікпен күрес, экология және демократиялық принциптер" атап өтті.
"Барлық үш пункт "алынды", Қазақстанға қазір тек саяси талаптар қойылып отыр. Ол талаптың өзі былай жасалуда: біздің оларға деген қарым қатынасымыз өте жақсы, ал олар болса бізге тәлімгер ретінде қарайды", деді елбасы.
Сондықтанда , дейді Н.Назарбаевтың пікірінше, " Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына мұндай имиджден құтылуға көмектесу жөнінде сөз болып отыр".
"Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына ұсынары бар. Осы жылдардағы біздің байсалды дамуымыз, біздің экономикамыздың дамуы , діндер мен халықтар арасындағы бейбіт қарым қатынас , және осы аймақта біздің көшбасшы болуымыз. Сондықтанда ТМД-ға мүше барлық 12 мемлекет ұжымдық түрде осы ұсынысты Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына ұсынды",-деп мәлімдеді президент.
" Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының ережелеріне сәйкес бізге де кеңестер беріледі. Олардың көбісін біз қабылдадық, заңдарды өзгерттік, тағы біраз нәрселерді жасайын деп жатырмыз . Менің ойымша, Қазақстан төрағалық еткен тұста Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының барлық мүшелері біздің аймаққа көп назар аударып, түсіністік басым болады, мұнымен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы байи түседі", - деді президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті