Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы Қырғызстанның жаңа басшылығымен байланыс орнатып, ел ішіндегі саяси тұрақтылықты нығайтуға деген сұранысты бағаламақшы.
Д.Рупел бүгін Қырғызстанның жетекші саяси тұлғаларымен, соның ішінде ел президентінің міндетін атқарушы- үкімет басшысы Құрманбек Бакиев, парламент спикері Өмірбек Текебаев, сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Роза Отынбаева, республика күш құрылмдарының үйлестірушісі Феликс Куловпен кездеспекші.