Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының Қырғызстандағы миссиясы Қазақстанға көшірілді

Белгілі болған ақпаратқа сәйкес, 26-наурызда миссияның 32 қызметкері Алматыға жеткізілген. Мұнда БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі орналасатыны белгілі.

Сондай-ақ Бішкек маңындағы Қордай бекеті арқылы 300 адамнан тұратын Қазақстандық студенттер тобы елімізге оралды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстаннның жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің 37 адамы бар алғашқы тобын Қазақстан елшілігі Жалал-абад қаласынан 25-наурыз күні таңертең көшірген.