Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының хабарлауынша, ұйымның қазіргі төрағасы - Испания сыртқы істер министрі Мигель Анхель Моратинос сапар барысында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның жоғарғы басшылығымен жүздеседі.
"Қатарына 56 елді біріктірген ұйымның жұмысына Орталық Азия елдерін мейлінше атсалыстыруға 2007-жылы ұйымға төрағалық жасайтын Испания айрықша басымдық береді",- деп хабарлайды орталық.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті