"Еуропаға барғанда "Нұр-Сұлтандағыдай" дейтін болам": Әнші Лолита елордадағы тазалыққа таң қалды (видео)

Ол еліміздің бас қаласындағы тазалыққа тәнті болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Нұр-Сұлтан қаласында өткен музыкалық фестивальде өнер көрсеткен Лолита Милявская елордадағы тазалыққа тәнті болғанын жеткізді. 

«Мен осы елдің махаббатын жан-тәніммен сезінемін . Бұл ғажайып ел. Мен бұрын бір жерге барған сайын, турист ретінде таза, ұқыпты нәрселерді көргенімде «Еуропадағыдай» дейтінмін. Ал енді Еуропаға барғанда «Нұр-Сұлтандағыдай»  деп айтатын боламын», - дейді әнші.