Еуропалық бақылаушылардың пайымдауынша, Қазақстандағы парламент сайлауы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының стандарттарына сай келмейді

"Сайлау туралы өзгертілген заңды пайдаланудағы кемшіліктер мен сайлаушылардың дауыс беру барысына деген сенімін арттыра қоймаған электронды дауыс беру жүйесін таныстыру түрі айрықша алаңдаушылық тудырды",- деді И.Осташ. Оның айтуынша, "өзгертілген сайлау заңын пайдалану" нәтижесінде парламент мәжілісі сайлауының "ашықтығы арта түскен жоқ".

Ассамблеясының вице-президентінің айтуынша, дейтұрғанмен, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушылары 2003-жылғы сайлаумен салыстырғанда биылғы сайлауды ұйымдастыру деңгейі жақсара түскенін атап өтті. И.Осташтың айтуынша, сайлаушылар "ішінде оппозициялық партиялар да бар, додаға қатысқан барлық партиялар арасынан өз қалауы бойынша таңдау жасауға" мүмкіндік алды. Сондай-ақ, В.Осташ сайлау алдында жұртшылықты электронды дауыс беру тәсіліне оқыту жұмыстарына жоғары баға берді.
Ал Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының елшісі, Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының сайлауға бақылау жасау жөніндегі миссиясының төрағасы Роберт Бэрридің қорытындысы бойынша, "бақылаушылар сайлау күні абыржушылық пен сәйкессіздіктің белең алғанын байқады". "Бүкіл сайлау процессі барысындағы Орталық сайлау комиссиясының жұмысындағы жариялылықтың жетімсіздігі мен сайлау басталар алдындағы соңғы минуттарда қабылданған электронды және қағаз бюллетеньдермен баламалы дауыс беру туралы шешім көптеген сайлау учаскелерінде дауыс беру және дауыс қорытындысын есептеу барысында абыржушылық тудырды",- деді Р.Бэрри. "Электронды сайлаушылар тізімі мен қағаз бетіндегі сайлаушылар тізіміндегі айырмашылық та алаңдаушылық тудырады",- деді елші.
Сайлау барысындағы осындай кемшіліктерге қарамастан, бақылаушылар БАҚ-тарға және депутаттықтан үміткерлерді тіркеуге қатысты ахуалдың жақсарғанын айтуда. Атап айтсақ, "жергілікті бақылаушыларға артық құқық беру нәтижесінде олар дауыс беру барысын қадағалауға артық мүмкіндіктер алды". "Бөлінген мерзімнің қысқалығына қарамастан, өткізілген жеті телепікірсайыс тиісті тараптарға өз көзқарастары туралы жұртшылыққа ақпарат беруге мүмкіндік жасады",- деді Р.Бэрри.