Сапар барысында қазақстандық омбудсман Еуропалық Кеңестің бас хатшысы Вальтер Швиммермен, Еуропалық Кеңестің адам құқықтары жөніндегі комиссары Альваро Хиль-Роблеспен және Еуропалық Омбудсман Никифорос Диамандуроспен кездесулер өткізді.
Б.Байқадамов Қазақстандағы Омбудсман институтының тарихы мен қалыптасу жолы туралы, оның қызмет қағидалары жайлы айтып берді. Кездесуде сондай-ақ, Омбудсман институтының құзыры аясын кеңейту, Қазақстанда балалар мен қамаудағылардың құқығы жөніндегі уәкілдер институтын құру мүмкіндіктері сараланды.
Еуропалық құқық қорғаушылар Қазақстанның түрлі аймақтарында Омбудсманның бес өкілдігін ашу жөніндегі ТАСИС бағдарламасы жобасына 700 мың евро бөлу туралы ниетін жария етті. Еуропалық құқық қорғау ұйымдары сондай-ақ, Қазақстандық омбудсман институтын Құқық қорғаушылардың Жалпыеуропалық диалогына қамту мүмкіндіктерін де қарастырды.
Сапар аясында Б.Байқадамов Еуропарламентте еліміздегі адам құқығының қорғалу жайы туралы шолу-баяндама жасады.