"2004-жылдан бері біз Баку бастамасына қатысушы елдерге энергетикалық жобаларды қолдауға 30,5 млн. евро бөлдік, ал таяудағы жылдарда - 2010-жылға дейін - біз бұл мақсатқа тағы 60 млн. доллар бөлеміз",- деді А.Пьебалгз.
Сонымен бірге оның айтуынша, Еурокомиссия Еуропалық инвестициялық банк пен
Еуропалық қайта құру және даму банкінің инвестициялық жобалары арқылы энергетикалық жобаларға ауқымды қаржы бөлуді жоспарлауда.
Комиссар Каспий және Қара теңіз өңірі елдерінің Еуропалық Одақпен және көршілес елдермен ынтымақтастық жөніндегі энергетика министрлерінің алғашқы конференциясы 2004-жылдың 13-қарашасында Бакуде өткенін еске салды. Ол кезде шараға қатысушылар тиісті аймақтық энергетикалық рыноктарды дамытуға қолдау көрсету және олардың біртіндеп Еуропалық Одақ рыноктарымен интеграциялануына түрткі болуға, қуат көздерін жеткізудің сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға; қуат көздерін үнемдеу саясатына көшу мен тұрақты даму жөніндегі бағдарламаларға ден қоюға; коммерциялық және экологиялық тұрғыда тіршілік қабілеті бар әрі ортақ мүддеге сай келетін энергетикалық жобаларды қаржыландыруға қолдау көрсетуге келісті.
Баку бастамасына Әзербайжан, Грузия, Қазақстан, Молдова, Түркия, Украина, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан біріккен. Ресей бақылаушы мәртебесіне ие.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті