Ұйымдастырушылардың айтуынша, Демократия және адам құқығы саласындағы Еуропалық бастама Орталық Азиядағы жаңадан тәуелсіздікке ие болған елдерді қамти отырып, дүниежүзі елдеріндегі экономикалық және саяси реформаларды қолдау үшін демократия мен заңдылықты дамытуға бағытталады.
Қазақстан бойынша ұсынылған 38 жобаның арасынан қаржыландыруға 11 жоба ұсынылды. Олардың арасында "Қатыстылық және қорғау": мүгедектер мен кембағал топтардың құқығын қорғау және демократияландыру құралдары; "ҚР ауылдық аумақтарды дамыту процессіне азаматтардың қатысу аясы мен ролін арттыру" сынды жобалар бар.