"Еуропалық қоғамдастықтың басты мақсаттарының бірі - Қазақстанға Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуге көмексету болып табылады. Қазақстанды әлемдік экономикаға интеграциялау саласындағы біздің ынтымақтастығымыз жемісті болады деп сенеміз",- деді ол.
Адриан Хендрик Ван Дер Меер сонымен бірге 2006-жылдың ақпан айында Астанада Еурокомиссия өкілдігінің кеңсесі ашылатынын жеткізді.
ҚР СІМ-нің ақпаратына сәйкес, Еуропалық Одақ пен Қазақстанның арасындағы дипломатиялық байланыс 1993-жылдың 2-ақпанында орнады. 2005-жылдың алғашқы жартысының қорытындысына сәйкес, Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 7,5 млрд. долларды құрады. Еуроодақ елдерінен тауар айналымы юбойынша ең ауқымды үлес Италия - 33,8%, Франция - 16,9% және Германияның 12,2% үлесіне тиеді.
Ынтымақтастық жылдарында Еуропалық Қоғамдастық елдері Қазақстанға 10 млрд. доллардан астам инвестиция салды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті