Еуропалық Одақ рейтингтік агенттіктерді реттеуді күшейтеді

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ішкі нарық және қызмет көрсету мәселелері жөніндегі еуропалық комиссар Чарли МакКриви Еуропалық Одақтың реттеуші органдарына сұрау салып, оған жылдың аяғына дейін несиелік-рейтингтік агенттіктердің жуырда болған ипотекалық несиеге қатысты дағдарыс кезіндегі тәуекелдердің алдын алуға бағытталған жұмыстары туралы есепті беріді сұрады.

"Чарли МакКриви рейтингтік агенттіктер пайдаланатын әдістеме мен іс-әрекеттер кодексін зерттемекші. Ондағы мақсат - соңғы бірнеше апта бойы дүниежүзінің қаржылық нарығындағы тұрақсыздыққа себеп болған АҚШ-тағы ипотекалық сектордағы қиындықтар туралы жай хабарлаудың себептерін анықтау болмақ", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті