Еуропалық комиссияның жоғары лауазымды бір қызметкерінің Ресей ақпараттық агенттігіне хабарлауынша, Еуроодақ осындай қадам арқылы Ресейдің шығыс бөлігінде белең алған "құс тұмауынан" сақтануға тырысуда. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының пайымдауынша, "құс тұмауының" вирусы мутациялық өзгеріске ұшырау және оның адамдарға жұғу қаупі бар.
Бүгінгі жағдаймен Ресей де, Қазақстан да Еуроодақ елдеріне құс және құс өнімдерін ірі көлемде экспорттаумен шұғылданбайтындықтан, тыйым бар болғаны нышандық сипатта.
2004-жылдың қаңтар айында Еуропалық Одақ құс фермасының өнімдерін одаққа мүше елдердің аумағына әкелуге тыйым салынған елдердің арнайы тізімін шығарған. Алдағы аптада осы тізімге Ресей мен Қазақстан да қамтылатын болды.