Еуропарламент мүшелері Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Болат Байқадамовпен жуырда болған кездесулердің маңызын жоғары бағалап, оның жемісті өткенін жеткізген. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Еуропарламентте еліміздегі адам құқығының қорғалу жағдайы туралы шолу баяндама жасаған болатын.
Сондай-ақ, Қазақстан басшылығының өлім жазасына мораторий жариялау туралы шешімі де Еуропа үлкен серпіліс тудырды, делінген жолдауда.
Еуропалық депутаттар журналист Сергей Дувановтың қамаудағы жағдайының өзгергені туралы ақпаратты да қолдады. "Қамаудан босағаннан кейін де оның журналист ретінде кәсіби жұмысына қайтадан оралуына ешбір кедергі болмайтындығы бізді қуантады",- делінген хатта.
Сонымен бірге хат авторлары "экономикалық ілгерілеу мен демократия жолында Қазақстан әлі де талай тар жол, тайғақ кешуден өтетінін" атап өткен.
Еуропалық парламентшілер Қазақстанда күзде өтетін парламент сайлауын "үлкен қызығушылықпен" қадағалайтынын хабарлапты.
ҚР СІМ-нің хатқа қосқан түсініктемесінде атап көрсеткеніндей, оны "нышандық" жолдау ретінде тануға болады. "Еуропарламент Қазақстанның қоғамды одан әрі демократияландыру мен саяси реформаларды жүзеге асыруда айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізгенін ресми түрде мойындап отыр". Сыртқы саясат мекемесі өкілдерінің пайымдауынша, "жолдауда еліміздегі саяси және экономикалық өзгертулердің дамуына жан-жақты әрі байыпты баға берілген".