Еуропалық қайта құру және даму банкі Алматы көшелерін жарықтандыруға қаржы бөледі

Келісімге Еуропалық қайта құру және даму банкі президенті Сума Чакрабарти, Алматы әкімі Ахметжан Есімов және"Алматы Қала Жарық" компаниясының директоры Бауыржан Ибраев қол қойды, делінген сейсенбіде банктен таралған хабарламада.

Банктің "Алматы Қала Жарық" муниципалды коммуналды кәсіпорынға беріп отырған 34 млн доллар қарыз ақшасы екі бөліктен тұрады: 17 млн доллар банк қаражатынан бөлініп отыр, 17 млн долларды жасыл энергетика арнайы қоры береді, ол қорды банк басқарады және халықаралық донорлар қаржыландырады.

Ақпаратқа қарағанда, жаңа тиімді технологиялар қалаға тұтынатын электр энергиясын барынша азайтып, шығарылатын көмірқышқыл газының көлемін төмендетуге мүмкіндік бермек.


Қазақстанда жұмыс істеген уақыт ішінде бұл банк елдің экономикасына 6,5 млрд доллар дерлік инвестициялады.