Еуропалық қайта құру және даму банкі цемент зауытын жаңалауға 5 млрд теңге бөледі

Еуропалық қайта құру және даму банкі Шымкентте цемент зауытын жаңалау жобасына 5 млрд теңгеге дейін бөледі.


Сәйкесті келісімге сәрсенбіде Астанада Қазақстан бойынша Еуропалық қайта құру және даму банкі директоры Джанет Хекмен және Қазақстандағы Italcementi Group басқарушы директоры Габриэль Морин қол қойды.
5 млрд теңгеге дейінгі несие "Шымкентцемент" АҚ, Italcementi Group компаниясының қазақстандық филиалына берілетін болады.
Бұл қаржыға қолданыстағы сулы технология бойынша жұмыс істейтін төрт пеш ауыстырылады, оның орнына цементті құрғақ әдіспен өндіру үшін энергия жағынан тиімді қондырғы орнатылмақ.