Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстандық екі банк үшін үш инвестициялық жобаға қол қойды

Әрбір банк үшін 10 млн. доллардың несиелік желісі Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында ашылып отыр.

Сондай-ақ, ЦентрКредитБанкіне шаруа қожалықтары мен агроөнеркәсіп кешендерін қаржыландыру көлемін ұлғайту мақсатында 6 млн. доллар бөлінді.
"Қазақстандағы агроөнеркәсіп кешенінің кәсіпорындары үшін баламалы қаржыландыру көзін құру - 2001-жылдан бері Еуропалық қайта құру және даму банкінің астық қолхаты жөніндегі бағдарлама бойынша жүргізіп отырған несиелік саясатының басты бағыттарының бірі. Несиелендірудің осынау жаңа тетігі ауылшаруашылығы техникасын сатып алуға арналады",- деді банктің баспасөз қызметіндегілер.