Еуропалық қайта құру және даму банкі Қырғызстандағы жұмысының жаңа стратегиясын әзірледі

"Еуропалық қайта құру және даму банкі республиканың жекеменшік саласында дотацияны 35 - 40 млн долларға дейін өсіруді жоспарлап отыр",- деп мәлім етті бүгін тұсаукесерде сөз сөйлеген Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қырғызстандағы тұрақты өкілдігінің басшысы Фернан Пийонель.

Оның айтуынша, жаңа стратегия төрт бағытта жүзеге асырылады, бұл жеке кәсіпкерлікті дамыту, қаржы секторының бәсекелестікке қабілеттілігін көтеру, инфрақұрылымды қолдау, инвестициялық ахуалды жақсарту.

Өкілдік басшысы, банк ауыл шаруашылығы саласындағы жұмысын күшейтіп, шағын және орта бизнесті несиелеу жөніндегі бағдарламаны жалғастырады, деп атап көрсетті.

Ф. Пийонель атап өткендей, Еуропалық қайта құру және даму банкі ынтымақтастық жылдарында 100 мыңнан астам кәсіпкерге 283 млн АҚШ доллары сомасында несие бөлген, қайтарымы 99 пайызды құраған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті