Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы Алматы аймақтық қаржы орталығын құру идеясын жоғары бағалады

Ж.Лемьер: "біз бұл идеяны өте құптаймыз. Бұл ілгерлеушіліктің қозғаушы күші болып табылатын және шетелдік инвесторларды тартатын өте мықты идея", - деді. Оның пікірінше Қазақстанда жұмыс істейтін қаржы орталығын құру үшін, "Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шет елдерде де мойындалатындай банк саласын қадағалаудың жетілген жүйесі болу қажет".

Сондай-ақ, Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы "Қазақстанда лаңкестікпен күрес және заңсыз жолмен тапқан ақшаны заңдастырып алумен күрес саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру қажеттігін" атап көрсетті. Ж.Лемьердің пікірінше, сондай-ақ, "қаржылық қызмет көрсетудің сапасын мейлінше көтеруге бағытталған қуатты тұжырымдама қажет".


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті