Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Астанада өтетін шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына қатысады

Шетелдік инвесторлар кеңесі Қазақстанда инвестицияға қолайлы жағдай жасау және инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде нұсқаулар әзірлеу, Қазақстанның әлемдік шаруашылық байланыстар аясына кірігуіне түрткі болу мақсатымен консультативтік орган ретінде 1998-жылы құрылған.

Шетелдік инвесторлар кеңесінің жалпы отырысына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тең төраға ретінде қатысады деп күтілуде.