Франция мен Германияның кей жерлерінде ауа температурасы 50 градусқа тақаған. Алайда, мұндай ауа-райына үйренбеген еуропалықтар даурығып, су жағалауынан шықпай қалған. Ал жан-жануарларын мұз бен балмұздақ беріп құтқарып жатыр. Бүгінде Италия мен Испанияға жеткен қапырық одан әрі Шығыс Еуропаны да қамти бастаған. Мамандардың айтуынша, Сахарадан жеткен бұл ыстық Атлант мұхитынан келетін ылғалды желге орын бермей тұр екен.
Loading...