"Арнау" этно-фольклорлық ансамблі 2018 жылы облыстық жастар шығармашылығы орталығының жанынан құрылған. Аз ғана уақыт ішінде труппа қазақ жұртшылығын ғана емес, шетелдіктерді де өз өнерімен бағындырып үлгерді.
"Музыканттар да спортшылар сияқты, үлкен ареналарда өнер көрсетпесе делебесі қозатын халық ғой. Негізінен пандемия басталмас бұрын Түркияға гастрольдік сапармен шықпақ болып, жоспарымыз іске аспай қалды. Наурыз айында Словакия, Австрия, Венгрия елдеріне ұлыстың ұлы күнін тойлау аясында гастрольдік сапарға шығып қайттық".Жастар шығармашылығы орталығының директоры, ҚР мәдениет қайраткері Марат Қалиев