Еуропаның ең арзан қалалары анықталды

Зерттеу талаптары бойынша, бұл қалалар шаһар бойынша саяхат, гид қызметі, қоғамдық көлік бағасы, мейрамханалардан түстену құнының арзандығы бойынша анықталған.

Орташа есеппен, бұл мемлекеттерде 2 күндік демалыс құны, қонақ үй шығынын есептемегенде шамамен 70 еуро болады.

«Әсіресе, Прага мен Будапештте сусын, мейрамханаларда тамақтану өте арзан. Бірақ салыстырмалы түрде қоғамдық көлік қымбат», деп жазылған мақалада.


Ал Еуропаның: Осло, Париж, Копенгаген қалалары кәріқұрлықтағы ең қымбат шаһар саналады.