Еуропаның үздік гольфшылары Алматыда бас қосады


«Биыл 6-шы рет өткелі отырған бұл жарысты Еуропалық Челендж Тур, ҚР Ұлттық гольф федерациясы, «Жайлау» гольф-курорты мен Алматы қаласының әкімдігі бірігіп ұйымдастырып отыр. Еуропалық Челендж Турдың ең белгілі турнирлерінің бірі болып табылатын дәстүрлі жарысқа бұл жолы 132 гольфшы қатысады. Оның бесеуі - қазақстандық ойыншылар. Олардың қатарында Әділ Мұхамеджанов, Константин Лифанов бар», дейді «Қазақстан Опен - 2010 турының» қатысушыларының бір, «Жайлау»гольф-курортының уәкілі Игорь Савицкий. Оның айтуынша, жүлде қоры 400 мың еуроны құрайтын бұл жарыс Еуропалық Челендж Тур кезеңіндегі ең белгілі дода. Оның өткен жылғы жеңімпазы Эдоародо Молинари қазіргі таңда әлемдік рейтингте 15-ші сатыда тұр. Ол «Қазақстан Опен -2009» сайысында әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 132 спортшының арасынан үздік шыққан болатын.