"Бұл менің Семейдің ядролық полигонындағы сынақ құрбандарына арнаған "Вечная скорбь" атты ағылшын тіліндегі кітабымның сатылуынан түскен ақша",- деп түсіндіріп өтті С. Стивенсон. Депутат 2006 жылы кітаптың сатылуынан түскен 20 мың АҚШ доллары көлеміндегі бірінші гонорарын да Семей аймағына жіберген болатын (облыстық клиникалық аурухананың балалар бөлімшесіне).
Халықаралық дипломат берген қаржы (10 мың АҚШ долллар - агенттік ескертпесі) бұл жолы Семейдің бұрынғы ядролық полигонына тікелей жақын орналасқан Саржал аулының отбасылық дәрігерлік амбулаториясының ахуалын жақсартуға жұмсалмақ.
С. Стивенсон өзінің Семейге сапары барысында сондай-ақ омыраудың қатерлі ісігі туралы хабардар ету күніне орай онкологиялық диспансердің қала әкімшілігімен бірлесе отырып ұйымдастырған алғашқы қалалық іс-шарасына қатысқан.
"Мені осы кешке шақыруды үлкен толғаныспен қабылдадым. Себебі, менің анам бұрын сүт безінің қатерлі ісігінен қайтыс болған, сондықтан да бұл шара менің жүрегіме өте жақын. Мен бұл дерттің Семей өңірінде қаншалықты таралғандығы туралы білгенде, өзіме жергілікті тұрғындарға көмектесу міндетін жүктедім. Мен бұл аймаққа деген көмегімді екі, тіпті үш есеге көбейтпекпін",- деді С. Стивенсон.