Алехо Видал-Квадрас Рока форум Шығыс пен Батыстың қоғам қайраткерлері мен жетекшілерін өзара жалғастыратын алтын көпір ретіндегі маңызын тағы бір дәлелдейді дегенге сенім білдірді.
Өз хатында Еуропарламенттің бірінші вице-президенті қоғамның ашықтығын қамтамасыз етуде БАҚ-тар атқаратын маңызды рольді ерекше атап өтті. БАҚ-тар демократиялық құндылықтардың дамуына, халықтар мен түрлі мәдениеттер арасында идеялар алмасу мен өзара түсіністікке түрткі болады, деді ол.