Түркияны Еуроодақ құрамына қабылдау мәселесіне қатысты дауыс беру бүгін, 24 қарашада өтеді.
Кей депутаттар өлім жазасына оралу мәселесін талқылап жатқан Түркияны Еуроодаққа қабылдауға түбегейлі қарсы шыққан. Түркия президенті Реджеп Тайыр Ердоған Еуроодақты сынап, "олар Түркияны Еуроодақ құрамына қабылдау туралы уәделерінде тұрмады" деді.
«Дауыс беру қорытындысы қандай нәтиже берсе де біз үшін маңызы жоқ" деді Ердоған.
Биыл шілдеде болған мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінен кейін Түркияда 110 мыңнан астам адам жұмыстан қуылған.