Eurosport телеарналары Универсиаданы тікелей эфирде көрсетеді

Көрермендер биатлон, шаңғы жарысы, трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, мәнерлеп сырғанау, тау шаңғысы, сноуборд және фристайлдан өтетін сайыстарды тамашалай алады.

Сондай-ақ, аталмыш телеарналар ерлер арасындағы хоккей турнирінің жартылай финал және финалдық матчтарын көрсетуді жоспарлап отыр.

Жалпы алғанда, көрермендерді 30 сағатқа жуық тікелей эфир күтіп тұр.