«Еуровидение-2012» байқауының финалына билеттер сатыла бастады

Билеттердің құны 160-тан 240 манатқа дейін тұрады (шамамен 200-300 АҚШ доллары).

Билеттерді on-line режімінде eurovision.tv сайтынан сатып алуға болады. Кез келген адамның қай елден болмасын, жоғарыда көрсетілген сайт арқылы билет сатып алуға мүмкіндігі бар.

Әр билетте адамның аты-жөні жазылатын (көрсетілетін) болады.

Байқаудың жартылай финалдық туры 22 және 24-ші мамырда, ал финал 26 мамырда болады.