"Eurovision-2017" байқауында көрермен сахнаға шығып, шешініп тастады Португалиялық әнші Сальвадор Собрал Киевтегі "Eurovision-2017" музыкалық конкурсының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол фаворит саналып келген. Көрермендер мен ұлттық қазылар алқасы мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша, Собрал Amar Pelos Dois әнімен 758 ұпай жинады. Айта кетейік, португал жүрек ауруына байланысты конкурстың ашылуына 7 мамырда ғана келген және дайындықтарға қатыспаған. Бала кезінен жүрегі 27 жастағы ауыратын әнші, БАҚ-тың мәліметінше, жыл соңына дейін донор табуы тиіс. Екінші орынды 615 ұпай жинаған Болгария әншісі Кристиан Костов алды. Үшінші орынға молдовалық SunStroke Project тобы (374 ұпай) лайық деп танылды.
Loading...