Eurovision-2022 байқауында украиналық топ жеңіске жетті

Қазылар алқасы даусының нәтижесі бойынша Украина төртінші орында болған, бірақ содан кейін халық дауысының көрсеткіштері жарияланып, Kalush Orchestra турнир кестесінде үлкен басымдықпен бірінші орынға шықты. Көрермендер топқа мүмкін болған 480 ұпайдың 439-ын берген. Топ 631 ұпай жинады.

Kalush Orchestra байқауда Stefania әнін шырқады - бұл топ фронтмені Олег Псюктің анасына арнау.