Евро-2008 іріктеу ойындары аясындағы футбол сайысында Қазақстан және Бельгия құрамалары тең түсті



Қазақстанның Футбол одағының баспасөз атташесі Александр Кеплиннің айтуынша, "қазақстандықтар бірінші таймда қарсыласының қақпасын алу мүмкіндігін пайдалана алмады". Сонымен бірге ол Қазақстан құрамасының қақпашысы Давид Лорияның ойынын ерекше атады. "Оның кәсіпқой ойынының арқасында Бельгия құрамасының шабуылшылары еліміз құрамасының қақпасына доп соға алмады",- деді ол.

Евро-2008 іріктеу ойындары аясындағы келесі матчта еліміз құрамасы 2006-жылдың 6-қыркүйегінде Баку қаласында Әзербайжан құрамасына қарсы ойнайды.