Еврохим Жаңатасты әлеуметтік дамытуға 5 млн доллар бөледі

бұл туралы «ЕвроХимнің» жұртшылықпен байланыс жөніндегі басқарма бастығы Владимир Торин хабарлады.

"Қаржыға осы жылдың аяғына дейін балалар мен жасөспірімдерге арналған білім беру, спорт нысандары салынатын болады ", - деді В.Торин бейсенбі күні Таразда өтіп жатқан халықаралық TARAZ INVEST-2012 инвестициялық форумда.
Сондай-ақ, деді ол, кәсіпорын Жаңатаста салынатын фосфорды қайта өңдеу кешенінің және Қаратаудағы минералды тыңайтқыштар зауытының құрылыстарына 2 миллиард долларға жуық қаржы бөлмек.
Бұл кәсіпорындардың жұмыстары 2016 жылға қарай басталуы мүмкін, деді В.Торин.