Сайлау учаскелерінен шыға берісте ұйымдастырылған сауалнама қорытындысы бойынша, "Отан" партиясы 32,82%, "Ақжол" партиясы 20,85%, "Асар" партиясы 17,61%, АИСТ блогы 9,62%, "Коммунистер мен ҚДТ партиясының оппозициялық халықтық одағы" 8,65%, Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы 4,79%, "Ауыл" партиясы 2,13%, Демократиялық партия 1,55%, Қазақстанның патриоттар партиясы 1,44%, "Руханият" партиясы 0,52% дауыс жинаған.
Партиялық тізім бойынша парламентте қарастырылған депутаттар орны былайша үлестірілуі тиіс: "Отан" партиясы 4 орын, "Ақжол"мен "Асар" партияларынң әрқайсысы 2 орыннан, АИСТ блогы мен "Коммунистер мен ҚДТ партиясының оппозициялық халықтық одағы" блоктарының әрқайсысы 1 орыннан.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Орталық сайлау комиссиясының алдын-ала мәліметі бойынша, "Сайлау" электронды дауыс беру жүйесінің көмегімен партиялық тізім бойынша дауыс беру қорытындысына сәйкес, "Отан" партиясы алда келеді. Бұл партия сайлаушылардың 42,72 процентінің ,немесе, 147 мың 531 дауыс жинады. Екінші орынға "Асар" партиясы шықты, бұл партия 19,47%, немесе, 67 мың 217 дауыс жинады. "Ақжол" партиясы 16,12%, немесе, 55 мың 648 дауысқа ие болды. АИСТ блогы 8,37%, немесе, 28 мың 903 дауыс жинады. Осы 4 партия партиялық тізім бойынша белгіленген 7%-тік кедергіден өтті.
"Коммунистер мен ҚДТ партиясының оппозициялық халықтық одағы" 6,21 процент, немесе, 21 мың 436 дауыс, Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы 3 процент, немесе, 10 мың 345 дауыс, Демократиялық партия 1,28 процент, немесе, 4 мың 403 дауыс, "Ауыл" партиясы 1,16 процент, немесе, 4 мың 20 дауыс, Қазақстанның патриоттар партиясы 1,14 процент, немесе, 3 мың 941 дауыс, "Руханият" партиясы 0,54 процент, немесе, 1 мың 074 дауыс жинады.
С.Жүсіпов электронды дауыс беру қорытындысына сәйкес Орталық сайлау комиссиясының партиялық тізім бойынша орындар таратуға қатысты жария еткен қорытындысы статистикасы Еxit pool қорытындысынан "сәл ғана айырмашылықта" екенін атап өтті.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық зерттеулер мен болжау институты зерттеу барысында 120 мыңдай дауыс берушіден жауап алған.