EXPO-2017 билетінің бағасы 28 еуродан басталады

деп хабарлады "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" АҚ басқармасының төрағасы Талғат Ермегияев.

"Тіркеу туралы досьеде билет бағасы бар, алдын-ала бағалауынша ол 28 еуро және одан жоғары болмақ. Оның бәрі EXPO-ның қаншалықты пайда әкелетіндігіне байланысты болмақ. Бұл кезге дейін мен 283 млн еуро деген санды айтқан болатынмын", деді ол Астанада бейсенбіде баспасөз мәслихатында.

Т.Ермегияев атап өткендей, билет құны жағынан халықтың тұрмысы төмен бөлігіне өтемақылар көзделетін болады.