EXPO-2017 көрмесіне билет бағасын арзандату керек, дейді ұлттық компания басшысы


деп «Астана EXPO-2017 ұлттық компания» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев мәлімдеді.
«Біз демеушілерге барынша иек артып, билет бағасын арзан еткіміз келеді. Астана мен Алматы үшін 28 евро қалта көтерерлік шығар, алайда аудан орталықтары, ауылдар үшін бұл өте қымбат. Біз мұның бәрін үйлестіретін боламыз. Мен бұл соманы барынша төмендеткім келеді», - деп Т.Ермегияев бүгін Алматыда журналистермен кездесуде атап көрсетті.
Ұлттық компания басшысының айтуынша, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектер үшін кіру тегін болады. «Біз барлығына 28 евро деп белгілей алмаймыз. Халықтың белгілі бір бөлігі 28 евродан емес, 1000 теңгеден кіре алады. Халықаралық көрме бюросы операциялық шығыннан 3% өз пайдасын көруі керек. Сондықтан біз көрме бюросымен 5 млн евро береміз деп келістік. Осымен бітеді. Ал егер басқа цифрға байланып қалсақ, қиын болар еді. Біз бәрі қатысу үшін халыққа жағдай жасағымыз келеді», - дейді Т.Ермегияев.
«Билеттер бүкіл әлем бойынша сатылады. Біз мұнымен жұмыс жасаудамыз, оның ішінде онлайн режімді де қолға алдық. Билет сатуды Еуропа, Қытай, Ресейдегі ірі туроператорлар арқылы сатсақ деп отырмыз», - дейді ұлттық компания басшысы.