EXPO-2017 көрмесінің бюджеті 10 млрд. теңгеге қысқарды


Бұл туралы бүгін Орталық коммуникацилар қызметіндегі брифингте «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Ермегияев мәлім етті.

«Соңғы Республикалық бюджеттік комиссияда 10 млрд. теңгеге қысқарды. Оның ішінде 7 миллиард теңгесі құрылыс есебінен, ал 3 миллиард теңгесі біздің жарнамаға қатысты PR, ойын-сауық бағдарламасына байланысты болып отыр», - деді Ермегияев.