Шараға қатысқан британиялықтардың көрген-білгендеріне таңырқағандары соншалық, Қазақстанның басқа да қалаларын тамашалау үшін қайта оралғылары бар, - деп хабарлайды 24.kz
Зохиб Мухаммад Астанадағы ЕХРО 2017 көрмесіне Уорик университетінде бірге оқып жатқан қазақстандық досы Мирас Нұрәліұлының шақыруымен келген. Зохиб бастапқыда көрген дүниелеріне таң-тамаша болатындығына сенбегендігін айтады. «Астанаға келісімен-ақ заманауи керемет ғимараттарға тәнті болдым», – дейді ол.
Зохиб Мухаммад, турист: – Мен көптеген павильондарда болдым. Әсіресе Германия есімде сақталды. Басқа елдер де жаңғырмалы энергияға қатысты бастамалары арқылы ерекшеленіп тұрды. Сондай-ақ осы бағытта не істеліп жатқанын білу үшін қазақстандық павильонды да көргім келді. Мен шынымен де алдағы уақытта Қазақстанға қайта оралғым келеді.