Ежелгі қазақтардың тістері неліктен шірімеген?

Мемлекеттік тапсырыс аясында «Тарих тасқынындағы халық» бағдарламасы болды және оның мақсаттарының бірі көне материалдарды зерттейтін арнайы зертхана құру еді. Үш жыл бұрын ондай зертхана құрдық, деді КАРАВАН басылымына берген сұхбатында Ләйлә ханым.

Оның айтуынша, Қазақстанның этногенетикалық тарихын зерттеу үшін ежелгі Ботайлықтар (б.э.д IV–III мыңжылдық), сақ дәуірі – Үржар ханшайымы (б.э.д IV–III ғасыр) және Венгриядағы ғұн ақсүйейктерінің сүйек материалдары алынған. Бұған қосымша 1500 ге жуық қазіргі дәуір қазақтарының материалдары жиналған.

Зерттеу нәтижесі бойынша Ботай дәуіріндегі адамдардың ДНК-сындағы сүйек тіндері жақcы сақталғаны анықталды. Әке жағынан ботайлықтарда О2-гаплотипі Y-хромосомасы басым болған. Мұндай белгілер көбіне Шығыс Еуразия, әсіресе Корея, Жапония, Никобар аралдары, Үнді мұхиті популяциясына тән. Ал қазіргі заман қазақтарында ондай белгілер жоқ. Аталған гаплотип тек найман-байжігіт руының екі адамынан ғана табылды.

Ал сақ дәуріне тиесілі Үржардан табылған олжаның сүйек тіндері ботайлықтардан көрі әлдеқайда нашар сақталған және азиялық ұлтқа жататыны анықталды.


Ғұндарға тиесілі сүйек материалы Венгриядағы мұражайдан алынған. Ондағы адам сүйегі Есік қорғанынан табылған Алтын адам екілді 20 жасында қаза тапқан ақсүйек адам болған. ДНК-сын тексеру кезінде арғындар ішіндегі мадияр руына жақын болатын шығар деген үміт болған. Бірақ ғұндарда кездесетін L- гаплотипі тек мейрам сопы руынан ғана табылды.

Сүйек тіндерінің ДНК-сы жақсы сақталады.Оның клеткалары жақсы кальциленген қабыққа ие. Ең қызығы табылған сүйектер ежелегі болған сайын тістері де өте жақсы сақталған.Ал бертіндегі материалдардың тістері тіс жегісімен көбірек бүлінген. Тістегі кариес адамдар еттен басқа да тағам түрлерін қолдана бастаған кезде пайда болған.Ежелгі ғұндар мен ботайлықтардың тістерінен алынған ДНК-сы жақсы сақталғанын көрсетіп отыр, дейді Генетика және цитология институтының бас директоры Ләйлә Жансүгірова.