Facebook басшыларының бірі Бразилияда тұтқындалды


Диего Дзоданды ұстады, деп хабарлады ВВС агенттігі.

Ол сот талаптарын орындамады деген айып бойынша тұтқындалды. Дзодан осыған дейін наркотрафикке қатысты істі зерттеу үшін полицияға мүмкіндік жасамаған. 

Бразилия БАҚ-тарының пікірінше, полицияға екі адам туралы олардың Фейсбуктағы мағлұматтары қажет болған. Төрт ай бұрын полиция WhatsApp, Facebook қолданушы екі адам туралы мағлұмат беруді сұраған.