Facebook комментарийлерге видео қосуға рұқсат берді

Жоба жетекшісі Боб Болдуин (Bob Baldwin) хабарлағандай, жаңа қызмет жөніндегі бастама 2016 жылдың ақпанында 50-ші Hackathon шарасында туындаған. 

Пікірлерге видео қосу әлеуметтік желінің браузерлік нұсқасында, сонымен қатар  Android және iOS қосымшаларында істейді.