Facebook күн сайын миллиондаған фейк аккаунтты бұғаттайды

Яғни аккаунт ашуда келтірілген ақпараттар шындыққа жанаспайтын болса, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новостисайтына сілтеме жасап.

Facebook жалған аккаунттармен күрес жүргізу үшін әрдайым белгілі бір шаралар қолданып отыратынын мәлімдеді. Айтуларынша, мұндай аккаунттардың тарауы компания саясатына қарама-қайшы.

«Күн сайын тіркелу кезінде миллиондаған аккаунтты бұғаттап отырамыз. Жетістіктеріміздің арқасында Франциядағы сайлауға қатысы бар деген 30 мың аккаунтты жойдық», - делінген түсініктемесінде.

Ал Twitter компаниясы өз кезегінде күн сайын 450 мың аккаунтты бұғаттайтынын айтты.


Естеріңізде болса, Әлеуметтік желіде лентаға өзгеріс енгізілетіні айтылғаннан кейін Facebook акциялары арзандады. Осы өзгерістің салдарынан Марк Цукерберг 2,9 млрд долларынан айырылды.