Facebook оқу үлгерімін жақсартады - ғалымдар


Ғалымдар Facebook-те отыруға кететін уақыт және өзге де жақтарын зерттеп көрген. Facebookтің сілтемемен алмасу, достармен қарым-қатынаста болу сынды кей функциялары жақсы оқу үлгерімдерімен байланысты болып шықты.

Сайтқа кіру емес, студенттердің оған қандай мақсатпен кіретіні оқу үлгеріміне әсер етеді.  Яғни, Facebook-те тым көп уақытын кетіретін баланың нашар бағалары әлеуметтік желіге еш қатысы жоқ.  Егер бұл бала Facebook-ке кіруді доғарса, оның назары өзгеге ауады. Ғалымдар ата-аналарға балаларда өзін-өзі реттеу қабілетін дамытуға кеңес береді.