Осыған байланысты спортшы арнайы бейнемәлімдеме жасады. «Баршаңызға рахмет, Facebook-та 100 миллионнан астам досым бар», - деп атап өтті ол. - Мен осыншама цифрға қол жеткізгеніме өте қуаныштымын».
Қазіргі уақытта Криштиану Роналду - осы әлеуметтік желідегі ең көп «ұнайды» белгісін алған әлемдегі жалғыз адам, деп хабарлады ТАСС.
Футболшының парағындағы ең көп 3,4 миллион «лайк» жинаған - «Балаларды қорғау күнін ұлыммен өткізгеніме қуаныштымын!» деген хабарламамен сүйемелденген баласымен бірге түскен фотосуреті.