Facebook-те «ұнамайды» деген тетік болмайтын болды

Бұл туралы ол бейсенбі күні Менло-Парк (Калифорния штаты) қаласындағы штаб-пәтерден хабарлады, деп жазады шетелдік БАҚ. 

Facebook материалды кейін оқу немесе қарау үшін шығарылған "Сақтау" пернесін таныстырды.  

Эмоцияны білдіретін пернелер, оның сөзіне қарағанда, комментарийді көп жазбайтын адамдарға пайдалырақ.   

"Көпшілік «ұнамайды» пернесінің керектігі туралы айтады», - деді Цукерберг. - Біз бұл мәселені қарастырып отырмыз. Адамдар кей нәрсенің жаман екендігін білдіргісі келеді. Алайда бұл пайда әкеледі деп ойламаймын. Біз бұл пернені шығармаймыз», - деді компания басшысы.

"Сіздер кез-келген жазбаның астына өз пікірлеріңізді қалдыра аласыздар», - деп қосты ол.