Facebook-тің нарықтық капиталдандырылуы 100 млрд доллардан асты

Дүйсенбіде сауда-саттықта Facebook-тің нарықтық капиталдандырылуы 100 млрд доллардан асты, деп хабарлады Bloomberg агенттігі.


           Ұялы платформада жарнамалық қызмет көрсету есебінен әлеуметтік желі қаржылық көрсеткіштерді арттыра алады, деген оймен компания акцияларының котировкалары 2013 жылдың басынан бері 52% артты, ал Standard & Poor's 500 индексі 17% артты.