«Фариза Оңғарсынованың қаламынан шыққан көңіл тебірентерлік өлеңдер қазақ халқының жүрегінде мәңгілік сақталады. Оның туындыларында авторға тән өр мінез, мақсатсүйгіштік, оның дарының асқан шеберлікпен адамның ішкі жан дүниесіне жол таба білетіні байқалады.
Қазақстан халқы осындай асқақ ақиық ақын, тамаша журналист, еліміздің көрнекті қайраткерін жоғары бағалайды», - делінген жеделхатта.
Ақын қоғамды дамытуға қосқан орасан зор үлесі үшін жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болды.
Н.Назарбаев ақынның аты өлмейтінін, оның туындылары қазақ халқының мәңгілік есінде сақталатынына сенім білдірді.
Ақынның КТК арнасы, Жүрекжарды бағдарламасына берген сұхбаты
Фариза Оңғарсынова (04.09.2011) )Сайттың оң жақ жоғарыда орналасқан күнтізбедегі видеомұрағатта)