Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен Фархад Шаймұратұлы Қуанғанов Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды".
Сондай-ақ, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекет басшысының өкімімен Әшімжан Сүлейменұлы Ахметов басқа жүмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметінен босатылды.