Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларын ұстады, деп хабарлайды Baq.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
3 шілде күні Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті төраағасының міндетін ақарушы Л.Ю.Пак, Павлодар облысы фармация департаментінің басшысы З.Ш.Қажинова, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша фармация комитетінің бас маманы П.Т.Имамходжаев, Фармация комитетінің бас сарапшысы Д.К.Ибраев ұсталды.
Олар бірнеше мәрте жалпы сомасы 10 млн теңгеден астам пара алып, фармацевтикалық компаниялардың мүддесін қорғағаны үшін тұтқындалған.
Лауазымды тұлғалар өндірістік және дистрибьютерлік тәжірибе сертификатын бергені үшін заңсыз сыйақы алып отырған.
Сондай-ақ, «Зерде» ҒӨБ» ЖШС атқарушы директоры Э.М.Жүзбаева пара бергені үшін ұсталды.
Бұған қоса, бұл лауазымды тұлғалар пара алумен қатар тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында сатып алынатын препараттардың құнын өсіру арқылы бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталып отыр.
Сот санкциясымен Пак, Қажинова, Имамходжаев және Жүзбаева қамауға алынды, Ибраева үйқамаққа алынды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы.
Е