"Ең бастысы, біз сапар барысында бірқатар принциптік мәселелерді, соның ішінде Біртұтас Экономикалық Кеңістікті құруға қатысты нақты мәселелерді қарап үлгердік",- деді С.Миронов.
Ресей парламентінің жоғарғы палатасының төрағасы Қазақстан басшылығымен кездесу барысында жария етілген екі жақты қарым-қатынастың қазіргі ахуалына берілген бағаға қанағаттанғандық білдірді. "Екі жақты қарым-қатынас тек саяси ғана емес, сонымен бірге жоғары экономикалық деңгеймен де сипатталады",- деді С.Миронов. Ол 2004-жыл қорытындысы бойынша Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 7 млрд. долларды құрағанын еске салды. "Бұл әрине, қомақты көлем, дегенмен, екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті үшін шарықтау шегіне саналмайды",- деді Федерация кеңесінің төрағасы.