Мәскеуде Федералдық ғарыш агенттігі алқасының кеңейтілген отырысы болып өтті. Онда "Восточный" ғарыш айлағында орналасу және жұмыс жасау тәртібі" мәселесі талқыланды. Жиналыста сөз сөйлеген "Роскосмос" жетекшісі Анатолий Перминов Ресейдің 2007-2020 жылдарға арналған және 2040 жылғы кезеңге дейінгі ғарыш қызметін дамыту аясында Ресейде ғылыми және әлеуметтік-экономикалық мақсаттағы "Восточный" ғарыш айлағын салу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
Сонымен бірге, "ғарыштық қызметтің ағымдағы мәселелері де ұмыт қалмауы немесе назардың аз салынуы себепті зардап шекпеуімен салмақты түрде айналысқан дұрыс. Бірінші кезекте бұл "Байқоңыр" ғарыш айлағына және оның Ресейдің ғарыштық қызметінде 2050 жылға дейін белсенді болып қалуының сақталуына қатысты болмақ".
Естеріңізге сала кетсек, "Байқоңыр" ғарыш айлағын Ресей Қазақстаннан 1994 жылы жалға алған. Ал 2004 жылы Қазақстан және Ресей президенттерінің бірлескен шешімдерімен жалға алу мерзімі 2050 жылға дейін ұзартылды. Ресейдің "Байқоңырда" қалу ниетінде екенін Ресей Федерациясының президенті 14-ақпандағы баспасөз мәслихатында мәлімдеген болатын.
Ресей Қазақстанның серіктесі ретінде "Бәйтерек" ғарыштық зымырандық кешенінің салынуына қатысып жатыр. Оның ұшырылу кешені "Байқоңыр" ғарыш айлағында салынбақ.